Блог ректора

Вопрос от: Маженов Бахытжан Абубакирович

2009 жылы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро Техникалық университетті «Стандарттау метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша (бакалавр) аяқтаған болатынмын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына «Саясаттану» мамандығына магистратураға тұсе аламынба?


 

Құрметті Бахытжан Абубакирович!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына білдірген қызығушылығыңыз үшін рақмет!

Сіздің сұрағыңыз бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2018–2019 оқу жылына Оқуға қабылдау қағидаларында «Саясаттану» мамандығы (магистратура) бойынша білім алушыларды даярлау қарастырылмаған.

Сонымен бірге, магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсу туралы толығырақ ақпаратпен Академияның ресми сайтынан (www.pa-academy.kz) «Оқуға түсушілерге» бөлімінде танысуыңызға болады.

 

Құрметпен, Фатима Жақыпова