Блог ректора

Вопрос от: Смаилов Думан Шахмарданович

Сәлеметсіз! Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын! Қояйын деген сауалым, Мен 2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің балық шаруашылығы мамандығы бойынша ауылшаруашылық бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Осыған қоса 2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі таңда мемлекеттік қызметкермін. Мен, аталған академияға түсуге мүмкіндігім бар ма? Рахмет!


Құрметті Думан Шахмарданович!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына білдірген қызығушылығыңыз үшін рақмет!

Сіздің сұрағыныз бойынша, Академияға оқуға Қазақстан Республикасының азаматтары, және де Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратура бағдарламаларына оқуға түсу үшін, тұлға Академияға оқуға түсу сәтінде жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметші болуы тиіс және де бағдарламалардың қойылатын еңбек өтіліне мен ағылшын тілін меңгеру дегейі бойынша талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Сіз сауалыңызда көрсеткендей 2016 жылдың казан айынан бастап мемлекеттік қызметтегі тұлғасыз, қазіргі таңда мемлекеттік қызметте еңбек өтіліңіз 1,6 жыл.

Академияда білім беру бағдарламаларының талаптары бойынша келесі екі жылдық оқу мерзімімен жүзеге асырылатын бағдарламаларға оқуға түсу мүмкіндігініз бар:

1)  «Мемлекеттік саясат» – Master of Public Policy («6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы);

2) «Экономика» – Мaster of Economics («6М050600 – Экономика» мамандығы);

3)  «Өңірлік даму» – Master of Regional Development («6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы).

Магистратура және докторантура бағдарламаларына құжаттарды қабылдау а.ж. 1 наурыз күні басталды және шілде айының екіншісі жұмасында Астана уақыты бойынша сағат 18.30-да аяқталады.

Толығырақ ақпарат Академияның www.pa-academy.kz ресми сайтында («Оқуға түсушілерге» бөлімінде) орналастырылған.

Құрметпен, ректор Фатима Жақыпова